Қоғамдық қауіпсіздік – азаматтардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құндылық. Қоғамда тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз ортаны қалыптастыру әрбір азаматтың әл-ауқатына оң әсер етеді. Қоғамдық қауіпсіздік мемлекеттің тұрақты дамуының басты шарттарының бірі болып табылады.Қауіпсіз қоғам құру үшін азаматтар заң талаптарын сақтап, қоғамдық орындарда тәртіпті ұстануы қажет. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен тұрғындардың өзара ынтымақтастығы құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

