Жаяу жүргіншілер де жол ережесін сақтауы қажет. Арнайы жаяу өткелдерден өту, бағдаршам сигналдарын ескеру және көлік қозғалысын мұқият бақылау – қауіпсіздіктің басты шарттары.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан да көптеген шаралар қабылдануда. Жол инфрақұрылымы жақсартылып, жол белгілері орнатылып, құқық бұзушыларға қатысты қатаң бақылау жүргізілуде.Дегенмен, ең басты жауапкершілік – әр адамның өзінде. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші сақтық танытып, ережелерді орындаған жағдайда ғана жол апаттарының санын азайтуға болады.

