Қоғамда заң үстемдік еткен жағдайда ғана әділдік орнап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толық қорғалады.Заң – мемлекет белгілеген міндетті ережелер жиынтығы. Ал тәртіп – сол заңдарды сақтау, қоғамдық нормаларды орындау және жауапкершілік таныту мәдениеті. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және қоғам өмірінде шешуші рөл атқарады.Егер әрбір азамат заңды құрметтеп, өз міндетін адал атқарса, қоғамда құқық бұзушылықтар азаяды. Ал тәртіпсіздік пен заңға немқұрайлы қарау керісінше әлеуметтік мәселелердің көбеюіне әкеледі.

