ДомойЖаңалықтар | НовостиНашақорлық – қоғам дерті

Нашақорлық – қоғам дерті

Нашақорлық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ол адам денсаулығына ғана емес, отбасыға, қоғамға және мемлекетке де үлкен зиян келтіреді. Есірткіге тәуелділік адамның өмірін түбегейлі өзгертіп, болашағына балта шабады.Есірткі заттары адам ағзасына тез әсер етіп, жүйке жүйесін зақымдайды. Оны қолданған адамның денсаулығы әлсіреп, ойлау қабілеті төмендейді, түрлі ауруларға шалдығу қаупі артады. Сонымен қатар, нашақорлық адамның мінез-құлқына әсер етіп, қылмысқа, зорлық-зомбылыққа және құқық бұзушылыққа итермелеуі мүмкін.Бүгінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие. Себебі есірткіні алғаш рет қызығушылықпен немесе достарының ықпалымен қолданып көретіндер аз емес. Сондықтан жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттердің зардабы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Жаңалықтар