ДомойЖаңалықтар | НовостиЖаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі – ортақ міндет

Жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі – ортақ міндет

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Көлік жүргізушілерімен қатар жаяу жүргіншілер де жол қозғалысы ережелерін сақтауға жауапты. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларының бір бөлігі жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі немесе қауіпсіздік талаптарын елемеуінен орын алып жатады.Жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтуі тиіс. Егер жақын маңда өткел болмаса, жолдың жақсы көрінетін жерінен, көліктердің қозғалысына кедергі келтірмей өткен дұрыс. Бағдаршам орнатылған жерлерде тек жасыл жарық жанғанда ғана жолды кесіп өту қажет.

Жаңалықтар