Бүгінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілгенімен, бұл мәселенің алдын алуда түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға жағдай жасау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру маңызды. Отбасы тәрбиесі де шешуші рөл атқарады. Ата-аналар балаларының ортасына, мінез-құлқына және күнделікті әрекеттеріне назар аударып отырғаны жөн.Нашақорлықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының немесе медицина қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әр азамат зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанғанда ғана ұрпағымыздың болашағы жарқын болады.Салауатты өмір – бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан әрқайсымыз есірткіден аулақ болып, денсаулығымызды сақтауға және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге атсалысуымыз қажет.

