ДомойЖаңалықтар | Новости«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп директорының бастамасымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында мектеп әкімшілігі балалар көп шоғырланатын орындарды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізді. Сондай-ақ кафе, мейрамхана және ойын-сауық орындары тексеріліп, онда мектеп оқушыларының болмағаны анықталды.

Іс-шара аясында оқушылар мен олардың ата-аналарына профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балаларды түнгі уақытта қараусыз қалдырмау, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және жазғы демалыс кезеңінде бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, кешкі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз көшеде жүрмеу, сондай-ақ судағы, жолдағы және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Осындай профилактикалық рейдтердің негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Жаңалықтар