Жол қауіпсіздігі – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Күн сайын мыңдаған адам көлікпен қатынап, жаяу жүргінші ретінде жол қозғалысына қатысады. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір азаматтың басты міндеті болып табылады.
Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғалары әлі де қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруынан, жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқаруынан орын алады. Кей жағдайларда жаяу жүргіншілердің де белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі қайғылы жағдайларға әкеліп жатады.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізушілер жол белгілеріне мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін тағу, балаларды арнайы орындыққа отырғызу, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау маңызды. Ал жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы өткелдер арқылы өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы тиіс.
Әсіресе, балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Ата-аналар мен ұстаздар жас ұрпаққа жолда жүру мәдениетін үйретіп, қауіпсіздік ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отыруы қажет.
«Заң мен тәртіп» қағидатын ұстана отырып, жол қозғалысы ережелерін сақтау арқылы ғана адам өмірін сақтап, жол-көлік оқиғаларының алдын ала аламыз. Жол қауіпсіздігі – тек полиция қызметкерлерінің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, жол мәдениетін қалыптастыруға үлес қосса, қауіпсіз әрі жайлы орта құруға мүмкіндік туады.

