Кез келген қоғамда пікір қайшылығы мен түрлі келіспеушіліктердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәселені өз бетінше шешуге немесе жанжалға баруға емес, заңда белгіленген тәртіпке жүгінген дұрыс.
Мәселенің мән-жайын анықтап, тиісті органға өтініш беру, дәлелдерді жинақтау және заңды рәсімдерді сақтау – азаматтың өз құқығын қорғауына мүмкіндік береді. Заңға сүйену дауласушы тараптардың да жауапкершілігін арттырып, мәселені әділ әрі бейбіт жолмен шешуге жағдай жасайды.

