Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың маңызды шарттарының бірі – азаматтардың меншік құқығының қорғалуы. Әрбір адамның адал еңбегімен тапқан мүлкі мемлекет тарапынан заңмен қорғалады және оған қол сұғуға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан меншікті қорғау мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әр азаматтың да назарында болуы тиіс.Қазіргі таңда тұрғын үй, автокөлік, жер телімі, мал-мүлік пен қаржы қаражаты азаматтардың ең құнды активтерінің бірі саналады. Алайда технологияның дамуы мен қоғамдағы өзгерістерге байланысты меншікке қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың түрлері де көбейіп келеді. Ұрлық, алаяқтық, интернет арқылы жасалатын қылмыстар мен сенімге қиянат жасау әрекеттері азаматтардың мүлкіне қауіп төндіруде.Осындай жағдайда заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сақтық шараларын күшейту – меншікті қорғаудың ең тиімді жолы. Әрбір азамат өз мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қауіптің алдын алу шараларын уақытылы қолдануы қажет.Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі. Заң үстемдігі орнаған қоғамда азаматтардың мүлкі сенімді қорғалып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етеді.

