

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған аудандық волейбол жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спорт сүйер қауымның басын қосты. Жарыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Аталған спорттық іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, патриоттық рухты нығайтуға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталды.
Жарысқа қатысқан барлық командаларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉

