ДомойЖаңалықтар | НовостиЕСІРТКІ – ӨМІРДІҢ ҚАС ЖАУЫ

ЕСІРТКІ – ӨМІРДІҢ ҚАС ЖАУЫ

Есірткіге тәуелділік – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамның дамуына да үлкен зиян келтіреді. Есірткіге бір рет әуестенудің өзі ауыр тәуелділікке алып келуі мүмкін.

Нашақорлық адамның денсаулығын әлсіретіп, жүйке жүйесін бұзады, түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады. Сонымен қатар, есірткіге тәуелді адамдардың арасында құқық бұзушылық, қылмыс және әлеуметтік мәселелер жиі кездеседі.

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу – маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға жағдай жасау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттердің зардаптары туралы тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Әр адам өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Есірткіден бас тарту – жарқын болашаққа бастар дұрыс қадам. Салауатты өмір салтын таңдау арқылы ғана біз өзімізді және келер ұрпақты бұл қауіпті індеттен қорғай аламыз.

Есірткісіз өмір – дені сау ұлттың кеп

Жаңалықтар