Алматы облысында өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін насихаттау және отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға отбасылар (үміткерлер) өтінім беру арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатыса алады.
Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылықта, зияткерлік және ғылыми салада жоғары жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) белсенді қатысатын отбасылар жіберіледі.
Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін мүшелері бар, сондай-ақ бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
І кезең – аудандық;
ІІ кезең – облыстық.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім қағаз және электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға тапсырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктері;
- асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімнен үзінді көшірме;
- неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
- ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда – қайтыс болғаны туралы куәлік (бар болса);
- балаларды тәрбиелеудегі және өзге де жетістіктері үшін берілген марапаттарды растайтын құжаттар;
- заңды және (немесе) жеке тұлғалардың кемінде екі ұсыным хаты;
- отбасы мүшелерінің жетістіктерін растайтын құжаттар (еңбек, спорт, шығармашылық, ғылыми және т.б.);
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған құжаттар қабылданбайды.
Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Қосымша ақпаратты аудандық «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Байланыс телефоны:8 /72779/ 2-21-50

