




Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым жасалып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің еңбегі еске алынып, бір минут үнсіздік жарияланды.
Шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және мекеме қызметкерлері қатысып, батырлар рухына құрмет көрсетті.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақ жадында Жеңіс рухы мәңгі сақталады.

