ДомойЖаңалықтар | НовостиРайымбек ауданында «Тазалық күндері» жалғасуда

Райымбек ауданында «Тазалық күндері» жалғасуда

Райымбек ауданында демалыс күндері туристік бағыттарда ұйымдастырылған «Тазалық күндері» аясында табиғи-туристік аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

1 мамыр күні «Текес сарқырамасы» (Құтырған туристік маршруты) және «Қарасай жайлауы» (Шұбартал туристік маршруты) аумақтарында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 300 га жер тазартылып, 450 адам қатысып, 6 тонна қоқыс шығарылды.

2 мамыр күні аудан әкімі Дастан Сұлтанмұратұлының қатысуымен Шәлкөде жайлауында және Тұзкөл көлінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шәлкөде жайлауында өткен сенбілікте 300 га жер тазаланып, 500 адам қатысты. Ал Тұзкөл көлінде 150 адам қатысып, 100 га жер тазаланды. Жұмыс барысында 5 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

3 мамыр күні Хантәңірі, Ақкөл және Шоғансай туристік аймақтарында өткен сенбілікке 1500 адам қатысып, 800 га жер тазартылып, 29 тонна қоқыс шығарылды, 12 техника жұмылдырылды.

Санитарлық тазалық шаралары аудан аумағындағы танымал туристік аймақтарды, көлдер мен демалыс орындарын қамтып отыр. Акцияға аудан тұрғындары мен қонақтары, еріктілер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді түрде атсалысуда.

Жалпы 1–3 мамыр аралығында жүргізілген тазалық жұмыстарының қорытындысы бойынша 1500 га жер тазартылып, 2600 адам қамтылып, 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Жаңалықтар