








Райымбек ауданында демалыс күндері туристік бағыттарда ұйымдастырылған «Тазалық күндері» аясында бүгін аудан әкімі Дастан Сұлтанмұратұлының қатысуымен Шәлкөде жайлауында және Тұзкөл көлінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Шәлкөде жайлауында өткен сенбілікте 300 га. жер тазаланып, оған 500 адам қатысты. Сонымен қатар Тұзкөл көлінде өткен сенбілікке 150 адам қатысып, 100 га. жер тазаланды. Тазалық жұмысы барысында 5 тоннаға жуық күл -қоқыс тазаланды.
Туристік әлеуеті жоғары ауданымызда өтіп жатқан бұл сенбіліктер тұрғындар тарапынан қызу қолдау табуда. Ертең аталған жұмыстар Хантәңірі мен Шоғансай туристік аймақтарында жалғасын табады.
Санитарлық тазалау шаралары аудан аумағындағы танымал туристік аумақтарды, көлдер мен демалыс орындарын қамтиды. Акцияға аудан тұрғындары мен қонақтары, еріктілер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысуда.

