Аудан халқы тақымын қысып, әлем чемпионатының нәтижесін тағатсыздана күтті. Жеңімпаз жерлесіміз Қасымхан Толғанай 60 кг салмақ дәрежесінде Черногория мемлекетінің Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының қола медаліне ие болды. Қалың қазақ жұртшылығы, киелі Райымбек баба мекенінің тұрғындары! Жүлде құтты болсын! Толғанай, аудан тұрғындары өзіңді мақтан етеді!