Домойhantengrigazeti.kz ақпаратМемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Бұл талап мемлекеттік басқару жүйесіне деген қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.Мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты, әділдікті және бейтараптықты басшылыққа алуға міндетті. Қызметтік міндеттерді адал орындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау – негізгі талаптар қатарында.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге жоғары жауапкершілік, кәсіби мәдениет, сыпайылық пен ұстамдылық тән болуы тиіс. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға, сондай-ақ заң талаптарына қайшы әрекеттерге жол берілмейді.Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етудің және қоғаммен тиімді кері байланыс орнатудың маңызды тетігі болып табылады.

Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл

Г. Кенебаева

spot_img

Жаңалықтар