

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды. Акция барысында мәдениет үйінің қызметкерлері, ауыл жастары мен еріктілер бірлесіп, ауыл аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары атқарылды.



