ДомойЖаңалықтар | НовостиАлматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады

Алматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады

Референдум аяқталғаннан кейін «AMANAT» партиясы науқан кезінде таратылған үгіт-насихат парақшалары мен жарнамалық материалдарды жинау шарасын қолға алды. Партия мүшелері бұл қадамды саяси жауапкершілікті арттырудың және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.Аймақтағы жастар ұйымының мүшелері үгіт парақшаларын жинап, қоғамдық орындарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бастама қоғамда назар аударып, экология мен тазалық мәселелеріне байланысты пікірталас тудырды. Алғашқы акцияның өзінде Алматы облысының бірнеше ауданындағы көшелер тазаланып, үгіттік материалдар толығымен жиналды. Әлеуметтік желілерде де бұл бастама қолдауға ие болып, көпшілік тарапынан оң пікірлер айтылуда.«Бұл акция біздің партияның науқаннан кейін де қоғамға қызмет ететінін көрсететін маңызды қадам. Референдум сияқты үлкен саяси оқиғадан кейін тазалықты сақтау – біздің халық алдындағы жауапкершілігіміздің бір көрінісі. Науқан кезінде көшелер мен қоғамдық орындарға ілінген үгіт-насихат материалдары халыққа маңызды ақпарат жеткізді. Бірақ науқан біткен соң оларды алып тастап, тазалықты қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Бұл тек тазалық емес, біздің мәдениетімізді және жауапкершілігімізді білдіреді», – деп атап өтті облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әділет Айтқазы.Қонаев қаласынының орталық көшелерінде таңертеңнен бері «AMANAT» партиясының жас белсенділері қаланың әр бұрышында үгіт-насихат парақшалары мен жарнамалық материалдарды жинап жүр. «Жастар рухы» ұйымының мүшелері ұйымдастырған бұл акция қоғамның назарын аудартпай қоймады.

spot_img

Жаңалықтар