Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті.Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты.Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты.«Конституция — елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы — билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл — демократиялық қоғамның негізгі принципі», — деді Шайназаров.Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера сезіліп, азаматтар жоғары деңгейде белсенділік танытқан.«Мен барған учаскелерде адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сайлаушылар белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды», — деді ол.Сөз соңында Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан халқына референдумның өтуімен құттықтап, елге тұрақтылық тіледі.



