15 наурыз күні еліміздің барлық жерінде жалпыұлттық референдум саяси науқаны жоғары деңгейде өтті. Оны әлеуметтік желіден анық аңғарып, жаңалықтардан қарап отырдық. Дауыс берушілер де ерекше көңіл күйде, көктемнің шуақты күнімен сәні келісіп сайлау учаскелеріне барды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы.
– Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жолын таңдады.
Мәлік Роза
Шәлкөде ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы


