15 наурызда өткен референдумға байланысты орталық референдум комиссиясының айтуы бойынша Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесі бойынша дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған. Ал 898 099 адам “Жоқ, қабылдамаймын” деп дауыс берген.Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % болды.Референдумда Конституцияны қолдап, дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % болды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты. Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Райымбек ауданы бойынша да халық референдумға белсенді қатысты. Еліміздің ертеңін таразыға салып, әркім өз таңдауын жасады.
Мұхаметжанова Гүлбану Мұқатайқызы
Текес ауылдық округінің Аналар кеңесінің мүшесі


