12.2 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномРеспублика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде үшінші рет аталып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір мерекелік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойған болатын.

Аталған заңға сайкес, 25 қазан ұлттық мереке — Республика күні ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні болып белгіленді.

Республика күні 25 қазанда Қазақстан халқының достығын, жеткен жетістігін, ұлттық стратегиялық мүддесін мейлінше насихаттап, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге танылуы тиіс. Тәуелсіздік декларациясын жарияладық. Конституциямызды қабылдадық, ұлттың стратегиялық мүдделерімізді анықтадық.

Бұл күні тәуелсіздіктің күні болуы тиіс нақтырақ айтқанда 25 қазан тәуелсіз республика декларациясы қабылданған мейрам күні болу керек. Республика күні-саяси мейрам. Бұл күнді атап ету ете маңызды.

Қазақ халқы сан рет небір нәубетті басынан кешірді. Ел үшін жер үшін жанын пида еткен батыр бабаларымыз ел мен жерді сақтап қалды. Рухы мықты ел болғандықтан, қиын-қыстау заманнан осы күнге жеттік. Сондықтан, қазақ халқы үшін Тәуелсіздік қастерлі ұғым. Азаттыққа қол жеткізген күн біз үшін әрдайым қымбат. Кеңес заманында өмірге келіп, тәуелсіздік жылдарында есейген халқымыз үшін 25 қазан сол үшін де құн- ды. Қазақстан өзінің жеке территориясы мен діні, тілі азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналды. Қазақстан бүгінде өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен анұраны бар жеке дара ел болып әлем партиясынан орын алды. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы.

Балжан ОМАРОВА,

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы.

Жаңалықтар