Домойhantengrigazeti.kz ақпаратБолашағымыз – өз қолымызда

Болашағымыз – өз қолымызда

Бүгінгі Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен жиында ел болашағына едәуір әсер ететін мәселер көтерілді. Соның ішінде 3 күннен кейінгі болатын референдум, халықпен тығыз жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының рөлі туралы айтылды.Жоғарыда аталған екі мәселе де бүгінгі күннің маңызды мәселелері. Жаңа жасалған заң жобасына өткелі отырған референдум біздің ауданымыз яғни Райымбек ауданында да өзекті мәселе болуда. Бұл тақырып бойынша әр азамат өз дауысын беруге дайын, сайлау уческелері де өз жұмыстарын тыңғылықты атқаруда. Райымбек ауданының тұрғындары да ел шетінде орналасқан аудан болса да референдумдағы жаңа заң жобасын қызу талқылауда.Сонымен қатар, аудандық мәслихат депуттатары да билік пен халық арасындағы алтын көпір екенін дәлелдеп, аудан тұрғындарымен тығыз байланыста ел дамуының жолында еңбек етуде. Мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарамайтынын білдіріп халық болып референдумға біркісідей атсалысуға шақыруда.

Райымбек аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі

Алтынбек Нұрберген Нұрқанатұлы

spot_img

Жаңалықтар