Бұл күн ел тарихындағы атаулы және маңызды күн екенін баса айтты. Президент өз сөзінде «Референдумға белсене қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамау деген сөз. Сол күні өз таңдауыңды жасау – туған елдің жарқын болашағын өз қолыңмен құру деген сөз».-деді. Бұл дегеніміз ҚР Конституциясына әр адам бей-жай қарамауы керек дегенді білдіреді. Біз бейбіт елміз. Бейбіт елдің заңы дегеніміз – сол елдің төлқұжаты іспетті. Мемлекетіміздің төлқұжатын қалыптастыруға әрбір тұрғын атсалысуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі отырыста осы тұрғыда баса айтты. Бұл тарихи сәт. Бұндай сәт үнемі бола бермейтінін де әңгімесіне өзек етті.
Дастан Қасенұлы



