-2.8 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКонституциялық реформа – мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесін заман талабына сай жаңарту...

Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесін заман талабына сай жаңарту жолындағы маңызды қадам

Қоғам дамыған сайын азаматтардың сұранысы, басқару тәсілдері мен жауапкершілік тетіктері де өзгеруі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, конституциялық өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, Парламенттің рөлін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайтуға бағытталуы қажет.Қазақстанда 2022 жылы өткізілген республикалық референдум нәтижесінде қабылданған өзгерістер де осы мақсатты көздеді. Бұл реформа суперпрезиденттік модельден ықпалы күшейтілген парламенттік жүйеге көшуге негіз қалап, саяси бәсекелестікті арттыруға, Конституциялық сотты қайта құру арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етті.Конституциялық реформаның басты құндылығы – әділетті, ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыру. Егер реформалар іс жүзінде толық жүзеге асса, ол қоғамдағы сенімді арттырып, демократиялық институттардың дамуына серпін береді. Сондықтан конституциялық өзгерістер тек заң мәтінінде емес, нақты саяси тәжірибеде көрініс табуы маңызды.

Омарова Балжан Әбуқызы

Райымбек аудандық Аналар кеңесінің төрағасы

Жаңалықтар