-0.8 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАудандық кітапхана қызметкерлері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен “Конституциялық реформа мемлекет дамуының...

Аудандық кітапхана қызметкерлері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен “Конституциялық реформа мемлекет дамуының стратегиялық кезеңі” атты кездесу өтті.

Кездесу барысында реформаның негізгі мақсаттары мен басым бағыттары кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы өзара тепе-теңдікті нығайту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, конституциялық реформаның нәтижесінде қоғам өмірінде орын алған оң өзгерістер туралы нақты мәліметтер ұсынылды. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

Жаңалықтар