-5.3 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКонституциялық реформа

Конституциялық реформа

Жаңа Конституцияда Қазақстанның егемендігі мен Тәуелсіздігінің мызғымастығы бекітілген. Еліміздің мыңжылдық тарихы алғаш рет негізгі құндылық ретінде анықталды. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Карин өз сөзінде жаңа конституция жобасына тарихтың халық бірлігін сақтаудағы және қоғамды шоғырландырудағы маңызды рөлін тікелей белгілейтін баптарды енгізу қажеттігін айтты. Жаңа Конституцияның 9-бабының бірінші тармағында Мемлекеттік тіл мәртебесі бекітіледі. Спикердің айтуынша: «біздің мемлекетіміз болғанша, қазақ тілі өзінің құрметті орнын алатын болады. Ол үшін мемлекеттілікті сақтау, оны қорғау және халықтың бірлігін нығайту қажет». Осы көзқараспен толық келісемін. Өйткені, қазақ тілі ежелгі мәдениеттің барлық байлығының қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар қазіргі тілдік этносаралық ортаның өзегі болып табылады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде бүкіл халықтың мүдделерін ескеретін тіл саясаты жүргізілуде және барлық этностардың тілдік құқықтарының сақталуы, қарым-қатынас, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдау қамтамасыз етілуде.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бірбаев Бекболат Ыбырайымұлы

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар