-2.1 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | Новости⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан JICA агенттігінің Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан...

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан JICA агенттігінің Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан үлесін бағалайды»

«Ауыл шаруашылығының дамуы су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

Орталық Азия қазірдің өзінде су тапшылығын сезініп отыр. Соңғы жиырма жылда өңірде жан басына шаққанда сумен қамту көлемі шамамен 30 пайызға төмендеді. Оның үстіне су ресурстарының 70 пайызға жуығы – трансшекаралық.

Каспий теңізінің тартылуы алаңдаушылық туғызады, ал Арал экологиялық апаты су ресурстарын ретсіз пайдаланудың салдары қандай қайғылы болатынын көрсетті.

Қазақстан Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан үлесін бағалайды әрі аталған беделді институтпен ықпалдастықты жалғастыруға ниетті».

t.me/aqorda_resmi

Жаңалықтар