Бүгін Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы елді мекенінде жаңа Халыққа арналған цирфлық кеңсе (ХАЦК) ашылу салтанаты өтті. Орталық Мамбеталиев 66 үй мекен жайында орналасқан. Салтанатты шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша басшысы Талғат Бектұрсынов пен Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова қатысты, деп хабарлайды Мемлекеттік корпорацияның Алматы облысы бойынша филиалы.Жаңадан ашылған ХАЦК цифрлық инфрақұрылыммен толық жабдықталған және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының стандарттарына сай қызмет көрсетеді. Сол себепті, аудан, ауыл тұрғындары тұрғылықты мекен жайдан шықпай-ақ, 600 ден астам мемлекеттік қызметтерді заманауи, әрі қолжетімді форматта ала алады. Бұл аудан облыстағы халық тығыз қоныстанған тұрғын массивтерінің бірі болып саналады, мұнда шамамен 70 мыңнан аса адам тұрады. Орталықтың ғимараты облыс әкімдігінің қолдауымен жөнделіп, қазіргі заман талаптарына толық сай келеді. Орталық іші қызмет алушыларға арналған кең операциялық залмен, ана мен бала бөлмесімен және заманауи кабинеттермен жабдықталған. «Біз мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береміз. Ұйғыр ауданына қарасты, Шонжы ауылдық ХАЦК ның ашылуы – Филиал мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесі. Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Алматы облысы әкімі мен Ұйғыр ауданының әкіміне алғысымды білдіремін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының директоры Талғат Бектұрсынов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұрынғымен салыстырғанда, қазіргі таңдағы цифрлық шындық – өмірдің қалыпты нормасына айналуда. Себебі, қызметтердің басым бөлігін цифрлық орталықтар көрсетіп отыр»,- деп әрдайым айтып келеді. Расымен де, замануаи халыққа арналған цифрлық кеңсе орталықтары – цифрлану қоғамының іргетасы, тірегі. Сондықтан мемлекеттік мәртебеге ие сандық ХАЦК лардың күн санап артуы, әр ауданнан, әр елді мекеннен ашылуы заңдылық», – деп толықтырды Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова. Сапар аясында делегация осы ғимаратта орналасқан жаңғыртылған ХАЦК-ның жұмысымен де танысты. Орталық қызметкерлері қонақтарға цифрлық кеңсенің функционалды аймақтарға бөліну ерекшелігін көрсетті. Мұндай құрылым қызмет көрсету секторларына келушілер легін біркелкі бөлуге мүмкіндік беріп, жұмыстың тиімділігін арттырады. Қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасауға кең зал мен заманауи жабдықтар да септігін тигізеді.