Өмір жолы өнегеге, еңбегі ерен істерге толы тұлға – Күлдария Алтынбекова 1950 жылы 29 желтоқсанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген.
Балалық шағынан-ақ еңбекқорлық пен жауапкершілікті бойына сіңіріп өскен Күлдария апай мектеп қабырғасынан үздік оқушылар қатарында болып, кейіннен ел игілігі жолында қажырлы еңбек еткен жандардың бірі болды.
Еңбек жолы:
Өз ісін қатардағы тракторшы болудан бастаған Күлдария Алтынбекова ауыл шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп, әділдігімен, табандылығымен ел құрметіне бөленді.
Ол 1975 жылы Нарынқол аудандық кеңесінің депутаты болып сайланып, қоғамдық істерге де белсене араласты.
Көпжылдық адал еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды:
🏅 «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі,
🏅 «Еңбек Қызыл Ту» ордені,
🏅 ВДНХ-ның «Алтын» медалі,
🏅 «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» атағы және тағы басқа көптеген марапаттар — соның айғағы.
Өмірін елге арнаған еңбек майталманы
Күлдария апай ер-азаматқа лайық ауыр еңбекті абыроймен атқарып, ұрпағына еңбекқорлық пен адалдықтың үлгісін көрсетті.
Адал еңбектің абыз анасы – Күлдария Алтынбекова!
