9.4 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | НовостиПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жаңа әрі маңызды мәселелер тізбектелген кезекті жолдауын...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жаңа әрі маңызды мәселелер тізбектелген кезекті жолдауын арнады

Жолдауда экономика, логистика және өзге де өзекті мәселелер қозғалып, Жасанды интеллект көмегімен өзгерістер енгізу сөз болды. Бұған қоса, маңызды саяси реформа жасалатын болды. Сонымен қатар Жолдауда Президент бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс жасады. Осыған байланысты елде 2027 жылы референдум болуы тиіс екенін атап айтты. Сондай-ақ ол өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешенін дамытуға басымдық берілетінін мәлімдеді. Алдағы үш жылда кемінде үш жоғары технологиялық кәсіпорын іске қосылуы тиіс. Бұл ел экономикасы үшін елеулі өзгерістер болмақ. Еліміздегі екі миллионнан астам шағын бизнес субъектісінің ішінде өнім өндіретін кәсіпкерлер саны алты пайызға да жетпейді. Бұған себеп бір-біріне қарама-қайшы заңдар екенін айтып оны шешу жолдарын сөз етті. Тағы бір мәселе, Тоқаев мемлекетке масыл болып, әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар туралы айтты. Әсіресе, КСРО ардагері ретінде берілетін көмек алатындардың жыл сайын «жасарып» жатқанын айта кеткен.Президент білікті мамандарды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізуді тапсырды. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн. Әйтпегенде талай білікті мамандар шет елде қалып қойып, өз еліміздегі тиімсіз саясатқа жиі шағымданатын болған. Жолдаудағы аталмыш мәселелер шешімін тапса, ел үшін игілікті өзгерістер көптеп орын алар еді.

Омарова Балжан Әбуқызы,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Жаңалықтар