10.3 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратМемлекет басшысы аталмыш Жолдауында мынадай басымдықтарды нақты белгіледі

Мемлекет басшысы аталмыш Жолдауында мынадай басымдықтарды нақты белгіледі

Қазақстан болашаққа дайын болуы керек және түрлі маңызды шешімдер қабылдауда батыл әрекет етуі тиіс. Әсіресе, елді алдағы жылдары цифрлық мемлекетке айналдыру туралы тапсырма маңызды болды. Бұл жай ғана технологиялық міндет емес, ұлттық қауіпсіздік пен орнықты даму мәселесі.Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері үшін ел Президентінің қоғамның бірлігіне және әркімнің патриоттық жауапкершілігіне баса назар аудару маңызды болып табылады. Халықтың сенімі мен тұтастығында сыртқы және ішкі қиындықтарға қарамастан алға жылжуға мүмкіндік беретін күш жатыр. Сондай-ақ, Инвестициялық саясатқа ерекше назар аудару керек. Бізге шикізат салымдары ғана емес, қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологияларды, орта және шағын бизнесті қолдау қажет деген айқын ой айтылды. Мұндай тәсіл жұмыс орындарын құруға, экономиканы нығайтуға және жастар үшін болашақты неғұрлым орнықты етуге мүмкіндік береді.Ел Президентінің Жолдауы — бұл нақты әрі жауапты іске асыруды талап ететін іс-қимыл бағдарламасы. Бұл жерде формализмге немесе бюрократияға орын жоқ. Бүгінде әркімге елдің табысы жалпы тартымдылық пен еңбекке байланысты екенін түсіну маңызды.

Дастан Қасенұлы

Жаңалықтар