13.4 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЗаңды біл! Заңды құрметте!ӨЗГЕНIҢ ЗАҢСЫЗ ИЕЛІГІНДЕГІ ЖЕР УЧАСКЕСІН СОТПЕН ҚАЙТАРУ

ӨЗГЕНIҢ ЗАҢСЫЗ ИЕЛІГІНДЕГІ ЖЕР УЧАСКЕСІН СОТПЕН ҚАЙТАРУ

Алматы облысы Райымбек аудандық сотында меншiк иесiнің өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап ету туралы талап қоюы қаралған.

Алматы облысы Райымбек аудандық сотынның 2024 жылғы 20 қарашадағы шешімімен талап қоюшы А-ның жауапкерлер «T» ЖШС-ге және мемлекеттік мекемелерге қатысты жер учаскесін жалға беру келісімшартын ішінара жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылып, онымен 2018 жылғы 26 маусымдағы «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен «T» ЖШС арасында жасалған, «T» ЖШС-не Райымбек ауданынан ауданы 350,0000 га. жер учаскесін уақытша ақылы жалға 15 жыл мерзімге беру туралы келісімшарты ішінара, ауданы 54,7 га. жер учаскесін беру бөлігі жарамсыз деп тану шешілген.              

Сотпен, азаматтық істі қарау барысында «T» ЖШС-нің жер учаскесінің талап қоюшы жер учаскесіне қабаттасуы, азамат Н-ға жалпы ауданы 126,3 га. жер учаскесінің өмірбойы мұралықпен иелік етуге Райымбек аудандық әкімшілік басшысының 1995 жылғы 7 сәуірдегі қаулысымен, 1995 жылғы 14 желтоқсандағы дайындалған мемлекеттік акті арқылы бірінші кезекте берілгендігі арқылы, ал 2011 жылғы қазан айынан бері азамат Н. қайтыс болған деп есептелетіндігі арқылы, оның тірі кезіндегі құқықтары мен міндеттері мұраны қабылдау тәртібі бойынша мұрагерлеріне, ол қайтыс болғаннан кейін жер учаскесіне иелік ету құқығынан айрылмағандықтан, яғни талап қоюшы А-ға өткендігі арқылы анықталған.  

Жоғарыда аталғандардың нәтижесінен, талап қоюшы А. мұралық мүлікті, жауапкер «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің «T» ЖШС-не Райымбек ауданынан ауданы 350,0000 га. жер учаскесін уақытша ақылы жалға 15 жыл мерзімге беру туралы 2018 жылғы 26 маусымдағы келісімшартын жасау арқылы, қайтыс болған Н-ның құқықтарын бұзуы салдарынан оны қабылдап, заңдастыра алмаған.

Мұра беруші Н-ның жер учаскесі заңмен белгіленген тәртіпте иесіз қалған деп танылмаған және кері алынбаған, құқық беретін құжаттар ешкіммен жойылмаған және заңдық күші бар.

«T» ЖШС-нің жер учаскесінің талап қоюшы жер учаскесіне қабаттасуы, электронды жер-кадас- трлық картасындағы ситуациялық сызбасымен расталған. Сотпен, ведомоствалық координаттары бойынша жанамалас жер учаскелерінің шекаралары сәйкестігінде, бір-біріне қабаттасу арқылы қарама-қайшылықтары бар екендігіне және Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 7-бабы 6-тармағы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-1-бабының және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 260-бабының талаптары назарға алынған.

Әрі қарай, 2024 жылғы 24 желтоқсанда үшінші тұлға «А» АҚ Алматы облысы Райымбек аудандық сотының шешімімен келіспей, даулы жер учаскесі «А» АҚ-мен «T» ЖШС арасындағы 2018 жылғы 27 қыркүйектегі кепіл Келісімшарты бойынша, кепілдегі мүлік болып табылатындығына сілтеме жасап, апелляциялық шағыммен жүгінген.  

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен Алматы облысы Райымбек аудандық сотынның 2024 жылғы 20 қарашадағы шешімі өзгеріссіз, «А» АҚ-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енген.  

Е. Ә. МАШТАЕВ,

аудандық соттың судьясы

Жаңалықтар