13.5 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат🩺БЕКБОЛОВА НҰРСӘУЛЕ ӘБДІРЕШҚЫЗЫ

🩺БЕКБОЛОВА НҰРСӘУЛЕ ӘБДІРЕШҚЫЗЫ

40 жылдық өмірін адам денсаулығына арнаған жан!

Нұрсәуле Әбдірешқызы — 1964 жылы 13 сәуірде Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Талғар медициналық училищесін тәмамдап, туған ауылында медицина саласындағы еңбек жолын бастады.

🍼 Алғашқы еңбек жолын Нарынқол аудандық ауруханасының перзентханасында балалар мейірбикесі болып бастап, кейін аға акушерка қызметін атқарды. Сонымен қатар, комсомол ұйымының хатшысы және түрлі қоғамдық жұмыстарды белсенді атқарды.

🏡 Жанұя құрғаннан кейін де қызметін жалғастырып, Талас ауылындағы ФАП-та мейірбике, ал 1989–1991 жылдары аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансада (СЭС) инструктор қызметін атқарды.

🏥 1991 жылдан бастап Шәлкөде ауылдық ауруханасында мейірбике, кейін Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте валеология пәнінің мұғалімі және мектеп мейірбикесі болды.

👩‍⚕️ 2013 жылдан бері Шәлкөде дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі аға мейірбике ретінде абыройлы еңбек етіп келеді.

🌟 40 жылдық тынымсыз еңбегі, адалдығы мен жауапкершілігі арқасында көптеген марапаттарға ие болды. Аудандық аурухана әкімшілігі, аудан басшылығы мен облыстық «Сенім» кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

💬 Нұрсәуле Әбдірешқызы — өз ісіне шын берілген, ауыл тұрғындарының алғысына бөленген ақ халатты абзал жан. ‎<Сообщение изменено>

Жаңалықтар