1.1 C
Нарынкол
spot_img
1.1 C
Нарынкол
ДомойБас тақырып | О главномАлматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы жасанды интеллекті қолданатын болады

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы жасанды интеллекті қолданатын болады

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның толық цифрландырылуы мен жасанды интеллектінің жедел дамуын стратегиялық міндет ретінде айқындады. Осы бағытта Алматы облысында цифрлық технологияларды енгізу және дамыту бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда.
Атап айтар болсақ, 2024 жылғы 15 мамырда облыс орталығында IT саласын дамытуға арналған басты алаң – Alatau Hub өңірлік инновациялық орталығы ашылды. Alatau Hub базасында 13 стартап-жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде UmaiAL жобасы да бар. Бұл – қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот.
Архивтік деректерде цифрландыруға көшкен. Бүгінде Алматы облыстық мемлекеттік архиві мен оның 10 филиалы «Е-Архив» электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс жасайды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде былтырдан бастап 12 334 іс цифрландырылып, оның ішінде 10 453 іс «Е-Архив» жүйесіне енгізілді.
«Мемлекет-жекешелік әріптестік жобасы аясында бейнеаналитика функциялары бар 9 100 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жасанды интеллект 109 байланыс орталығының жұмысына енгізілетін болады. Ол азаматтардың өтініштерін талдап, жедел қызметтермен өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді»,-деді цифрлық технологияларды дамыту басқармасының басшысы Жандос Ақыл.
Жауаптылардың сөзіне сенсек, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу міндеті өңірде толықтай іске асырылып отыр.

Жаңалықтар