Былтыр Алматы облысындағы 299 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.Нәтижесінде, 35 мекеме алғаш рет аттестаттаудан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Балаға білім беретін мекеменің біліктілік талаптары да тексерілді. Өткен жылы 26 мектеп қамтылған екен. Тексеру нәтижесінде 24 мектепте бұзушылықтар анықталып, әкімшілік іс қозғалды.
Алматы облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиренбайдың айтуынша, былтыр мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 101 өтініш қаралып, 12 мектепке бас лицензия, 11 мектепке лицензияға қосымша, колледждерге біліктілігі бойынша 2 лицензияға қосымша берілген.
Жалпы өтен жылы жеке және заңды тұлғалардан департаментке 270 өтініш келген екен.
«Департаменттің құзыреті шегінде 87 өтініш қаралды.5 шағым бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 4 тексеру барысында бұзушылықтар анықталып, тиісті нұсқамалар берілді»,-дейді спикер.
Ұрпақтың сауатын ашып, білімге жетелейтін ұлағатты ұстаздарда депаратменттің тескерісінен тыс қалмады.
2024 жылы Департамент жанындағы педагогикалық этика жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілген. Оның қорытындысы бойынша 10 педагог тәртіптік жазаға тартылды.
«2024 жылы Департамент тарапынан білім беру ұйымдарына жалпы сомасы 18 млн теңгеден астам 120 әкімшілік шара қолданылды»-дейді департамент басшысы Ержан Сапарұлы.
Алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік бақылау мен тақырыптық мониторингтер жалғасын табады. Лицензиялау нормалары мен білім беру саласындағы заңнаманы сақтау бойынша шараларды күшейтіледі.