Бірбаев Бекболат Ыбрайымұлы 1 қараша 1953 жылы Алматы облысы бұрынғы Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы Нарынқол селосында) дүниеге келген.1992 жылы тамыз айынан бастап аудан әкімінің өкімімен «Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс істеді.«Құрмет» орденінің иегері, «Шапағат» медалінің иегері, Алматы облысының және Райымбек ауданының «Құрметті азаматы».«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі», « Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері, 2007,2012,2016 жылдардан бері үш мәрте № 20 Нарынқол сайлау округі бойынша Алматы облысының мәслихатының депутаты болды. 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальімен, 2015 жылы «Құрмет белгісі»төсбелгісімен марапатталған. 2016 жылы «Құрметті спорт қайраткері»медальімен,» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл»мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылдан бері Райымбек ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы .