ДомойЖаңалықтар | НовостиАЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ!

АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ!

Бүгін Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылындағы №396 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған жас азамат ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Жәнібек Мерей алғаш рет дауыс берді.

Осы айтулы сәтке орай жас сайлаушыға қазақ әдебиетінің ұлы туындысы – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы тарту етілді.

Алғашқы дауыс беру – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Ал кітап сыйлау – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталған тағылымды тарту.

Жәнібек Мерейге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз!

Жаңалықтар