Кінәсіздік презумпциясы — соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін ешкімді қылмыскер деп атауға болмайды деген қағида. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, керісінше, тергеу органдары оның кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуі тиіс. Кез келген күмән айыпталушының пайдасына шешіледі.

