Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалып, құқық қорғау тетіктері күшейтілді. Ата Заң деңгейінде алғаш рет «Миранда қағидаты» бекітілді — енді адам ұсталған сәттен бастап құқық қорғау органдары оған өз құқықтарын дереу түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ адвокатура институты конституциялық мәртебеге ие болды, азаматтардың цифрлық құқықтары мен дербес деректерін қорғау кепілдіктері енгізілді. Неке — ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде нақтыланып, отбасы институтын қорғау күшейтілді. Енді Конституция күні жыл сайын референдум өткен күн — 15 наурызда атап өтіледі

