Бұрынғы Конституцияның 80 пайыздан астамы жаңарғандықтан, елде мүлдем жаңа редакциядағы Ата Заң қабылданды. Ресми деректерге сәйкес, бұл реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыруға бағытталған. Жаңа Конституция бойынша бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құрылды. Сонымен қатар Вице-президент лауазымы мен 126 мүшеден тұратын консультативтік-кеңесші орган — Қазақстан Халық Кеңесі енгізілді. Ал Президент 7 жылдық бір ғана мерзімге сайланатын норма сақталды

