
«Шәлкөде» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған кездесу өтті.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру, ауыл-аймақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар, «Әділет» партиясының мақсат-міндеттері мен алдағы жұмыс бағыттары таныстырылып, Жолдауда көтерілген бастамаларды жергілікті деңгейде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Басты мақсат – ел дамуына үлес қосу, халықтың талап-тілегін ескеру және ортақ міндеттерді бірлесе жүзеге асыру.

