Бүгінде ғаламтор арқылы «оңай ақша табу» желеуімен жастарды есірткі таратуға тартатын қылмыскерлер көбейді. Алайда заң бойынша есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және тарату (закладка қою) аса ауыр қылмыс саналады. Бұл әрекеттер үшін кәмелетке толмағандардың өзі ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылады. Бір сәттік аңғалдық бүкіл өміріңізді темір тордың ар жағында өткізуге себеп болмауы тиіс.

