Конституцияны тек мемлекеттік құрылымды айқындайтын құқықтық құжат ретінде қабылдау жеткіліксіз. Оның мазмұнында қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны, азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі көрініс табады. Конституциялық өзгерістердің мәні де жекелеген баптарды жаңартумен шектелмейді. Ең маңыздысы – олардың адам өміріне, қоғамдық қатынастарға және мемлекеттік басқару сапасына ықпал етуі. Жаңа конституциялық кезеңнің табысты болуы заң мәтінінің жаңаруымен ғана емес, оның қағидаттарының күнделікті өмірде орындалуымен өлшенеді.
Конституция – болашақ алдындағы жауапкершілік

