Бүгінде есірткі саудасы дәстүрлі тарату тәсілдерінен бөлек, интернет пен жасырын байланыс арналары арқылы да жүзеге асуда. Әсіресе қаржылық қиындыққа тап болған немесе жеңіл табыс іздеген жастардың осындай заңсыз әрекеттерге тартылу қаупі бар. Бір қарағанда оңай ақша табудың жолы болып көрінгенімен, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке және тағдырдың талқандалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жастарға тек есірткінің зиянын түсіндіру аздық етеді. Оларға заңды табыс табудың, өзін дамытудың және қоғамда өз орнын табудың нақты мүмкіндіктерін көрсету қажет.
Есірткі бизнесі – жастар болашағына төнген қауіп

