Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған. Конституцияда еңбек ету және қауіпсіз еңбек жағдайына ие болу, тынығу, денсаулық сақтау, орта және жоғары білім алу секілді бірқатар әлеуметтік құқықтар қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білім алу және заңда белгіленген медициналық көмекті пайдалану кепілдік берілген.
Сондықтан бұл бағыттағы материалдарда әлеуметтік құқықтарды құрғақ тізбелеумен шектелмей, өңір тұрғындары күнделікті өмірде пайдаланып жүрген нақты нысандар, қызметтер мен мүмкіндіктер негізге алынуы қажет.

