Есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдарының ғана жұмысы емес. Қоғамның әр мүшесі бұл мәселеге бейжай қарамауы керек. Күмәнді әрекеттерді елемеу, жастардың мінез-құлқындағы күрделі өзгерістерге назар аудармау қауіпті жағдайлардың ушығуына жол ашуы мүмкін. Алдын алу жұмыстары ерте жастан басталып, отбасы, білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттардың бірлескен әрекеті арқылы жүзеге асуы тиіс. Нашақорлықтан ада қоғам қалыптастыру – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Нашақорлықпен күрес – ортақ міндет

