Кейде алкогольді тұтыну күнделікті тұрмыстың қалыпты көрінісі ретінде қабылданады. Алайда осындай немқұрайлылық тәуелділіктің алғашқы баспалдағына айналуы ықтимал. Алкоголь адамның ойлау қабілетіне, мінез-құлқына және шешім қабылдауына кері әсер етеді. Әсіресе отбасындағы жанжал мен балалардың психологиялық жағдайына тигізетін зардабы ауыр. Сондықтан ішімдікке тәуелділікті жеке адамның таңдауы деп қана қарастыру дұрыс емес. Бұл – алдын алу, түсіндіру және кәсіби көмек көрсетуді қажет ететін ортақ әлеуметтік мәселе.
Бір стақанның ар жағындағы үлкен мәселе

